2022

Медициналық  мақсаттағы бұйымдарға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыру:

 

01.02.2022ж.                                                                                          Құлан ауылы,

 

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Т.Рысқұлов аудандық орталық  ауруханасы» ШЖҚ-ғы МКК-ы  Сізді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық  препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымындағы N 375 Қаулысына  сәйкес баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алуға қатысуыңызды сұрайды.

Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Т.Рысқұлов аудандық орталық  ауруханасы» ШЖҚ-ғы МКК, ҚР,080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы ,Құлан ауылы, Тлепов көшесі,2үй тел.8(72631)22643,22178

 

Жұмыс, қызмет, тауар сипаттамасы: медициналық мақсаттағы бұйымдар

 

Орындалатын жұмыс, қызмет көрсету көлемі, тауар саны:

 

Наименование

Кол-во

 Цена

  Сумма 

 Техническое описание

1

Скоба для скелетного вытяжения R=80 мм.

5

61 281

306 405

Скобы должны быть снабжены отверстиями диаметром от 4,3 мм до 4,5 мм с фаской 0,3х45о. Отверстия в скобах должны иметь шаг 10 мм. равномернопрофилю скобы. Погрешностьшагу не должна превышать ±0,2 мм. Отверстия в скобах должны быть симметричны относительно боковых поверхностей, допускаемая несимметричность не более ±0,2 мм. Острые кромки должны быть скруглены радиусом от 0,2 до 0,4 мм. Ширина скоб должна быть 9 мм. Скобы должны быть изготовлены из стали . Относительная магнитная проницаемость стали должна быть не более 1,05.
На наружных поверхностях не должно быть дефектов в виде трещин, заусенцев, забоин. Шероховатость наружных поверхностей деталей должна быть не более 0,32 мкм .

2

Скоба для скелетного вытяжения R=90 мм.

5

64 507

322 535

 Скобы должны быть снабжены отверстиями диаметром от 4,3 мм до 4,5 мм с фаской 0,3х45о. Отверстия в скобах должны иметь шаг 10 мм. равномернопрофилю скобы. Погрешностьшагу не должна превышать ±0,2 мм. Отверстия в скобах должны быть симметричны относительно боковых поверхностей, допускаемая несимметричность не более ±0,2 мм. Острые кромки должны быть скруглены радиусом от 0,2 до 0,4 мм. Ширина скоб должна быть 9 мм. Скобы должны быть изготовлены из стали . Относительная магнитная проницаемость стали должна быть не более 1,05.
На наружных поверхностях не должно быть дефектов в виде трещин, заусенцев, забоин. Шероховатость наружных поверхностей деталей должна быть не более 0,32 мкм .

 

 

3

Скоба для скелетного вытяжения R=100 мм.

5

67 597

337 985

 Скобы должны быть снабжены отверстиями диаметром от 4,3 мм до 4,5 мм с фаской 0,3х45о. Отверстия в скобах должны иметь шаг 10 мм. равномернопрофилю скобы. Погрешностьшагу не должна превышать ±0,2 мм. Отверстия в скобах должны быть симметричны относительно боковых поверхностей, допускаемая несимметричность не более ±0,2 мм. Острые кромки должны быть скруглены радиусом от 0,2 до 0,4 мм. Ширина скоб должна быть 9 мм. Скобы должны быть изготовлены из стали . Относительная магнитная проницаемость стали должна быть не более 1,05.
На наружных поверхностях не должно быть дефектов в виде трещин, заусенцев, забоин. Шероховатость наружных поверхностей деталей должна быть не более 0,32 мкм .

4

Набор грузов 1, 2, 3, 5 кг. + державка

1

137 901

137 901

Грузы должны быть изготовлены из нержавеющих сталей 20Х13 или 12Х18Н9Т по ГОСТ 5632. Масса грузов должна составлять от 1 до 5 кг, с шагом кратным 1 кг. Погрешность груза любой массы в заданном интервале не должна превышать±0,1 кг. Груз должен иметь четкую маркировку массы, выполненную ударным или лазерным способом.
На наружных поверхностях грузов не допускаются дефекты в виде трещин, заусенцев, забоин. На боковых поверхностях грузов допускаются незначительные кольцевые канавки, образовавшиеся вследствие технологических особенностей производства. Сварные швы должны быть зачищены с плавным переходом к основному металлу и заполированы. Параметр шероховатости наружных поверхностей должен быть не более 6,3 мкм по ГОСТ 2789.
Грузы должны иметь проточенную опорную поверхность диаметром не менее 72 мм, что гарантировало бы их надежную установку на подвеске. Верхняя часть груза должна иметь проточенный выступ диаметром не менее 71 мм., для обеспечения надежной установки грузов друг на друга, при наборе требуемой массы.

 

Итого:

 

 

1 104 826

 

 

Жұмыс орындалатын, қызмет көрсетілетін, тауар жеткізілетін орын: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Т.Рысқұлов аудандық орталық  ауруханасы» ШЖҚ-ғы МКК, ҚР,080900,Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тлепов көшесі,2үй тел.8(72631)22643,22178

Жұмыс орындалатын, қызмет көрсетілетін, тауар жеткізілетін мерзім: 2022  жылы тапсырыс берушінің жазбаша өтінімін алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Төлем шарттары: қолма қол емес есеп айырысу

Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізімі:

Тауарлардың әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігінің болуы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

      2) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);

      3) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;

      4) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы;

      5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болмауы;

      6) рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсатының болуы.

      15. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігінің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем қабілеттілігінің болуы, таратылуға жатпауы, мүлкіне тыйым салынбауы, қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;

      3) қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігінің болуы, олармен айналысу үшін Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталатын рұқсат, хабарлама жіберу қажет. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      4) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының, оның ішінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің, білікті персоналының болуы, бұл ретте дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің болуын растау үшін бірлесіп орындаушыны тартуға рұқсат етіледі;

      5) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техниканың және телекоммуникациялық байланыс құралдарының болуы;

      6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылмауы керек.

      Әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      Біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.             

Әлеуетті өнім беруші егер:

      1) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының, заңды тұлға құрылтайшысының, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның жосықсыз әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға қатысы болса;

      3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының жосықсыз әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;

      4) сатып алуға қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;

      5) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрса;

      6) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатылса, сатып алуға қатыспайды.

 

Ұсыныстарыңызды, ҚР,080900,Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тлепов көшесі,2үй тел.8(72631)22643,22178 мекенжайы бойынша бас дәрігердің қабылдау бөлмесіне 08.02.2022 жылғы сағат 10-00 ге дейін жолдаңыздар.

08.02.2022 жылдың сағат 11:00-де конвертер ашылуы болады.

тел.: .87263122178....

Мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті ұйымдастырушы – Мырзалиев Ш.К.

 

Хатшы: Жексенбиева Н.А.

 

 

 

 

 

         Бас дәрігер :                                                                     Ш.К.Мырзалиев

 

 

10

Лет успешной практики

1 000 000

Обращений

Врачи

Более 30 специальностей

Новости
14.12.21

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық дәрігерлерге мемлекеттік наградалар табысталды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ұлттық мерекесіне орай халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

WhatsApp Image 2021-12-13 at 18.37.06

1. Абуталипова Дариха Абакқызы Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 1991 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымының, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарының және «Гиппократтың ізбасарларына мейірімділік және жанашырлық үшін» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төс белгілерінің иегері.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 09.20.50

2. Момынжанова Гульмира Мауленкызы Тұрар Рысқұлов ауруханасының акушер-гинеколог жоғары санатты дәрігері «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталды. 1985 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Облыс, аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымының, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарының және «Гиппократ», «Алтын дәрігер» төс белгілерінің иегері.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 12.13.19

3. Айтанова Дариягуль Тоқтамысқызы Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог жоғары санатты дәрігері «Ерең еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. 1985 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Облыс, аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымының, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарының және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Гиппократтың ізбасарларына мейірімділік және жанашырлық үшін» және «Алтын дәрігер» төс белгілерінің иегері.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 09.51.28

21.10.21
24.06.21

Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін

мемлекеттік қызметтер  туралы

Аудандық  ауруханада және амбулаторлы- емханалық ұйымдарында  денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жыылғы 15 сәуірдегі Заңына және  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағыы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес көрсетеді.   Аудандық орталық ауруханада осындай мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 12 түрі көрсетіледі:

  • Медициналық   -санитариалық  алғашқы  көмек  көрсететін  медициналық ұйымға бекіту.
  • Дәрігердің  қабылдауына  жазылу.  
  • Дәрігерді   үйге шақырту.          
  • Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын  беру.  
  • Уақытша еңбекке  жарамсыздық  анықтамасын беру.  
  • Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
  • Трансплаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және тіндердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде  бас тарту немесе келісім алуды тіркеу                                                                     
  • Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан  анықтама  беру.
  • Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру.
  • Алдын-ала міндетті медициналық қарап- тексеруден өткізу
  • Көлік түріне басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру
  • Санаторлық- курорттық емдеу қажеттілігі туралы анықтама беру

«Алғашқы  медициналық   -санитариалық  көмек көрсететін  медициналық ұйымға бекіту»  тұрғылықты аудан халқы медициналық  қызмет алу үшін жергілікті емдеу мекемелеріне бекітіледі.  Егер  басқа  жақтан қоңыс аударып немесе уақытша тұруға келіп, аудандық орталық ауруханаға тіркелу және  медициналық қызмет алу үшін емханаға келіп немесе электронды Үкімет сайты арқылы электронды түрде  аудандық орталық аурухананың Бас дәрігерінің  атына еркін түрде  тіркелуге сұраныс- өтініш  жазып және төлқұжат  (баланың туу туралы куәлік) көшірмесімен  тіркелген халық тіркелім  порталына   енгізіліп, тіркеледі. Қызмет тегін түрде көрсетіледі.

«Дәрігерді   үйге шақырту» және «Дәрігердің  қабылдауына  жазылу»  мемлекеттік қызметтеріне емхананың 1 қабатындағы тіркеу орнына (регистратура) тікелей келіп  немесе  2-22-56, 2-16-63 телефондарына қонырау шалу немесе пациенттердің электронды кілті болған жағдайда электронды Үкімет сайты электронды түрде   қабылданады. Қызмет тегін түрде көрсетіледі.

«Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан  анықтама  беру», «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын  беру», «Уақытша еңбекке  жарамсыздық  анықтамасын беру» мемлекеттік қызметтері аймақтық дәрігерлермен  қабылдауы кезінде көрсетімдеріне қарай Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің басшылыққа алатын бұйрықтары негізінде қағаз түрінде немесе Үкімет сайты электронды түрінде  тегін  көрсетіледі.

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметі ауруханадан немесе күндізгі стационарда емделіп шыққан  пациенттер  ауруханадан шыққан кезде Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің басшылыққа алатын бұйрығы негізінде қағаз түрінде немесе Үкімет сайты электронды түрінде тегін   көрсетіледі. «ДамуМед» медициналық ақпарат жүйесі арқылы  ауруханада емделгені туралы ақпарат көрініп тұрады.

«Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттік қызметі пациенттер жатқызу Порталы арқылы ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу үшін Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің басшылыққа алатын бұйрығы негізінде қағаз түрінде немесе Үкімет сайты электронды түрінде тегін түрде көрсетіледі.

«Алдын-ала міндетті медициналық қарап- тексеруден өткізу», «Көлік түріне басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтері Тұрғындарды тіркеу тіркелімінде тұрған аудан тұрғындарына оқуға түсер алдында, жұмысқа орналасу алдында ақылы түрде көрсетілетін аудандық емханада бейінді мамандармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет. Регистратурадан барлық мамандарға «ДамуМед» медициналық ақпарат жүйесіне тіркеліп, бейінді маманлдардың қорытындысы және аурухананың QR  коды қойылған қорытынды беріледі.

      Аудандық орталық ауруханада Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

      көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

      мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

      мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

Барлық мемлекттік қызмет алушылар қызмет сапасына қанағаттанбаған жағдайда аурухана әкімшілігіне шағымдануға құқылы.

 

Бас дәрігердің орынбасары:                        Р.К.Жуманкулова