Лет успешной практики
Лет успешной практики
Обращений
Более 30 специальностей
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық дәрігерлерге мемлекеттік наградалар табысталды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ұлттық мерекесіне орай халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды.
1. Абуталипова Дариха Абакқызы Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 1991 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымының, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарының және «Гиппократтың ізбасарларына мейірімділік және жанашырлық үшін» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төс белгілерінің иегері.
2. Момынжанова Гульмира Мауленкызы Тұрар Рысқұлов ауруханасының акушер-гинеколог жоғары санатты дәрігері «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталды. 1985 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Облыс, аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымының, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарының және «Гиппократ», «Алтын дәрігер» төс белгілерінің иегері.
3. Айтанова Дариягуль Тоқтамысқызы Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог жоғары санатты дәрігері «Ерең еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. 1985 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Облыс, аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымының, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарының және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Гиппократтың ізбасарларына мейірімділік және жанашырлық үшін» және «Алтын дәрігер» төс белгілерінің иегері.
Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін
мемлекеттік қызметтер туралы
Аудандық ауруханада және амбулаторлы- емханалық ұйымдарында денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жыылғы 15 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағыы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес көрсетеді. Аудандық орталық ауруханада осындай мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 12 түрі көрсетіледі:
«Алғашқы медициналық -санитариалық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» тұрғылықты аудан халқы медициналық қызмет алу үшін жергілікті емдеу мекемелеріне бекітіледі. Егер басқа жақтан қоңыс аударып немесе уақытша тұруға келіп, аудандық орталық ауруханаға тіркелу және медициналық қызмет алу үшін емханаға келіп немесе электронды Үкімет сайты арқылы электронды түрде аудандық орталық аурухананың Бас дәрігерінің атына еркін түрде тіркелуге сұраныс- өтініш жазып және төлқұжат (баланың туу туралы куәлік) көшірмесімен тіркелген халық тіркелім порталына енгізіліп, тіркеледі. Қызмет тегін түрде көрсетіледі.
«Дәрігерді үйге шақырту» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтеріне емхананың 1 қабатындағы тіркеу орнына (регистратура) тікелей келіп немесе 2-22-56, 2-16-63 телефондарына қонырау шалу немесе пациенттердің электронды кілті болған жағдайда электронды Үкімет сайты электронды түрде қабылданады. Қызмет тегін түрде көрсетіледі.
«Медициналық -санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру», «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру», «Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік қызметтері аймақтық дәрігерлермен қабылдауы кезінде көрсетімдеріне қарай Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің басшылыққа алатын бұйрықтары негізінде қағаз түрінде немесе Үкімет сайты электронды түрінде тегін көрсетіледі.
«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметі ауруханадан немесе күндізгі стационарда емделіп шыққан пациенттер ауруханадан шыққан кезде Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің басшылыққа алатын бұйрығы негізінде қағаз түрінде немесе Үкімет сайты электронды түрінде тегін көрсетіледі. «ДамуМед» медициналық ақпарат жүйесі арқылы ауруханада емделгені туралы ақпарат көрініп тұрады.
«Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттік қызметі пациенттер жатқызу Порталы арқылы ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу үшін Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің басшылыққа алатын бұйрығы негізінде қағаз түрінде немесе Үкімет сайты электронды түрінде тегін түрде көрсетіледі.
«Алдын-ала міндетті медициналық қарап- тексеруден өткізу», «Көлік түріне басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтері Тұрғындарды тіркеу тіркелімінде тұрған аудан тұрғындарына оқуға түсер алдында, жұмысқа орналасу алдында ақылы түрде көрсетілетін аудандық емханада бейінді мамандармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет. Регистратурадан барлық мамандарға «ДамуМед» медициналық ақпарат жүйесіне тіркеліп, бейінді маманлдардың қорытындысы және аурухананың QR коды қойылған қорытынды беріледі.
Аудандық орталық ауруханада Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
Барлық мемлекттік қызмет алушылар қызмет сапасына қанағаттанбаған жағдайда аурухана әкімшілігіне шағымдануға құқылы.
Бас дәрігердің орынбасары: Р.К.Жуманкулова